Грекияда орман өртін сөндіруге барған ұшақ жарылды

Сурет: видеодан скриншот
Грекияда Платанистос ауылы маңындағы өртті сөндіру кезінде Canadair ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

News 24/7 сайтының жазуынша, ұшақ өрт сөндіру бөліміне тиесілі болған және  Платанистос ауылы маңындағы өрт шыққан жерге қонғалы жатқан.

Бортта екі ұшқыш болған, олардың бірі 26 жаста.

Ұшақ құлағаннан кейін бірден әуе күштері жарылыс салдарынан туындаған өртті сөндіру үшін суды әуеден шаша бастады, өйткені ол жерге өрт сөндіру көліктері жете алмайды.

Грекия ормандарында алғашқы өрт 18 шілдеде Аттикадағы Куварас қаласының маңында, сондай-ақ Коринф шығанағы жағалауындағы Лутраки қаласының маңында және Афинаның солтүстігінде орналасқан Дервенохория қаласының маңында басталды. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді