Өзбекстанда дін сабағынан қашпақ болған жас бала бесінші қабаттан құлап кетті

Сурет: pixabay
Ташкентте балаларға дінді заңсыз үйреткен ер адам оқушыларын ұрып-соққан. Балалардың бірі сабақтан қашып кетпек болғанда, бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ташкенттің Шайхантахур ауданында Қашқадария облысының тумасы заңсыз және зорлық-зомбылықпен оқытатын дін сабағынан қашпақ болған оқушы бесінші қабаттан құлады. Бала ұзартқыш сымнан ұстап тұрып, артынша құлап кетті, деп жазды Gazeta.uz.

Бала ауруханаға жеткізілді. Болған жайтты полицияға жедел жәрдем дәрігері хабарлаған.

Тергеу барысында діни білімі жоқ 1995 жылғы ер адам жалдамалы пәтерде ер балаларға дін үйретіп, әрқайсысынан 200 000 сум (7 600 теңге) алғаны анықталды.

Бұған қоса ол балаларды ұрып-соққан. Балалардың туыстары одан бейхабар болғанын айтады.

Ер адам кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Баланы тәрбиелеу мен оқытуда өз міндетін орындамағаны үшін балалардың ата-анасы да жауапқа тартылды.

Балаларға келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты