Өзбекстанда жекеменшік балабақшада 15 бала торттан уланып қалды

Сурет: pixabay
Тортты балабақшаға туған күні болған баланың ата-анасы алып барған, ал тәрбиеші оны балаларға берген. Салдарынан 15 бала уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наманган облысындағы "Гүлшан" мемлекеттік емес балабақшасының 15 тәрбиеленушісі тамақ өнімдерінен уланды, деп жазды Kun.uz.

Балалар бұзылған тағам жегеннен кейін асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылғандықтан, тамақтан уланды деген күдікпен аудандық медицина бірлестігінің жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.

Зерттеу нәтижесінде ата-аналардың бірі баласының туған күніне орай сапасыз торт апарғаны, ал тәрбиеші оны "балаларға рұқсатсыз бергені" анықталды.

Ауруханада балаларға қажетті процедуралар жасалды. Қазір денсаулығы түзелген барлық бала мектепке дейінгі білім беру ұйымына оралды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін