Ыстықкөл 10 жыл ішінде айтарлықтай тартылған

Сурет: pixabay
Қырғызстанның Табиғи ресурстар министрлігі Ыстықкөлдегі су деңгейін көтерудің жолын айтты. Ол үшін суды үнемдейтін технологиялар енгізу керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыстықкөлдегі су 10 жылда жағадан бір метрге жуық тартылды. Бұл жөнінде Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінің Су және жер ресурстары департаментінің басшысы Таалай Далбаев мәлімдеді, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

"2011-2021 жылдар аралығында су жағалаудан 95 сантиметрге тартылды. Себеп ыстық климатқа байланысты көлге құятын шағын өзендер санының азаюы. Қырғызстанның түкпір-түкпірінен құрғаған шағын өзендерді көруге болады. Ал биыл, жалпы жаз бойы жауын-шашын болған жоқ. Ыстықкөл облысында 156 өзен бар, бірақ көлге тек 30-ы ғана құяды". Таалай Далбаев

Бұл мәселені шешу үшін ол суды үнемдейтін технологиялар енгізіп, суды аз тұтынатын дақылдар егіп, тамшылатып суару әдісіне көшу керек екенін айтты.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды