Үндістанның атауы өзгеруі мүмкін

Сурет: pixabay
Үндістанды ежелгі Бхарат атауына өзгерту туралы қарар парламенттің 18-22 қыркүйекте өтетін сессиясына енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Конгресс жетекшісі Джайрам Рамеш растады. Ол Раштрапати-Бхаван президент Бхараттың атынан G20 елдерінің қатысушыларына шақыру жібергенін атап өтті. "Демек, бұл жаңалық рас", – деп жазды Рамеш Twitter-де.

"Енді Конституцияның 1-бабында: "Үндістан болған Бхарат Штаттар одағы болуға тиіс" деп жазылуы мүмкін", – нақтылады Рамеш.

Бхарат – хинди тілінде Үндістанның тарихи атауы. Елдің "Үндістан" атауын солтүстік-батыс еуропалықтар елдің солтүстігінде ағып жатқан Үнді өзеніне байланысты қойған. Ал үнділер оны "Синдху" деп атайды.

Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма сейсенбіде елдің атауын Бхарат деп өзгертуді қолдады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі