АҚШ-та ерлі-зайыптылар үйлерінен 1930 жылы жазылған хат тауып алды
Сурет: pexels
PEOPLE басылымының жазуынша, Эмили Гизельманн мен оның күйеуі 2026 жылғы маусымда Хартфорд қаласындағы тарихи үйді сатып алып, оны жөндеуге кіріскен.
Жөндеу жұмыстары кезінде құрылысшылар пештің үстінен жасырын орын тауып, одан үйдің алғашқы иесі Г. К. Хьюстон мен оның досы Билл Макгуайрдың хаттарын тапқан. Ескі конверттердің кейбірінде нақты мекенжай көрсетілмеген. Тек хат алушының есімі мен елді мекеннің атауы жазылған.
Жаңа үй иелерін әсіресе екі достың бір-біріне жазған жылы хаттары тәнті еткен. Олар хаттарында жеке жаңалықтарымен бөлісіп, би туралы әзілдесіп, туған қаласына деген сүйіспеншілігін білдірген. Билл Макгуайрдың бір хатында мынадай жолдар бар:
"Хартфордта бәрі жақсы деп үміттенемін. Оның солай екенін білемін. Әрдайым солай болған және бола береді".
Эмили жөндеу жұмыстарының барысын TikTok желісіндегі парақшасында тұрақты жариялап отырады. Сондай-ақ ол табылған тарихи жәдігерлерді ұқыпты сақтап, олардан естелік коллаж жасауды жоспарлап отыр.