Үндістанның Үкімет басшысы алдындағы тақтайшада ел атауы "Бхарат" деп көрсетілген

Сурет: Telegram/rian_ru
Үндістан Премьер-министрі Моди G20 саммитінің бірінші сессиясына қатысты. Үстел басында ел атауы бар тақтайшаға ол "Үндістанның" орнына "Бхарат" деген жазуды қолданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

9-10 қыркүйек аралығында Нью-Делиде G20 саммиті өтіп жатыр. Биыл оған Владимир Путин мен Си Цзиньпин қатыспайды. Саммитте Ресейдің атынан СІМ басшысы Сергей Лавров, ал Қытайдың атынан ҚХР Үкімет басшысы Ли Цян болады.

Үндістанды ежелгі атауы - Бхаратқа өзгерту туралы қарар Парламенттің 18-22 қыркүйекте өтетін алдағы сессиясына талқылау үшін енгізілмек.

Тиісті ақпаратты Конгресс жетекшісі Джайрам Рамеш те растады. Ол Раштрапати-Бхаван G20 елдерінің мүшелеріне Бхарат Президенті атынан шақырту таратқанын жеткізді. "Сондықтан бұл жаңалық шынымен де шындыққа жатады", – деп жазды Рамеш Twitter-де.

Бхарат - Үндістанның хинди тіліндегі тарихи атауы. Елдің "Үндістан" атауын солтүстік-батыс еуропалықтар елдің солтүстігінде ағып жатқан үнді өзенінің құрметіне берген. Алайда жергілікті халықтың өзі бұл өзенді Синдху деп атайды.

Ассаманың Бас министрі Химанта Бисва Сарма сейсенбіде ел атауын Бхарат деп өзгертуді қолдап, мәлімдеме жасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды