Еуропарламент Беларусь президенті Александр Лукашенконы басып алынған Украина территориясынан балаларды күштеу шығарушы қылмыскердің сыбайласы деп танитын қарар қабылдап, оны қамауға алу үшін Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттан ордер беруді сұрады.
Бұл арада 2000-нан астам баланы, соның ішінде жетім балаларды Украина өңірлерінен Беларусьтегі сауықтыру лагерьлеріне алып шығу жайында сөз болып болып отыр. Лукашенконың бұл әрекеттері, қарарда атап өтілгендей, халықты депортациялау немесе мәжбүрлеп көшіру түріндегі адамзатқа қарсы қылмысқа теңестірілуі мүмкін.
"Еуропа парламенті Лукашенконы Владимир Путин мен Мария Львова-Белова сияқты осы әскери қылмыстар үшін жауапты деп санайды, сондықтан ХҚК-ны Лукашенконы тұтқындауға халықаралық ордер беруді қарастыруға шақырады". Еуропарламенттің қарарынан
2023 жылдың наурыз айында Гаагадағы халықаралық сот Ресей президенті Владимир Путин мен балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқынға алуға ордер берді. Олар украиналық балаларды Ресейге заңсыз депортациялады деген күдікке ілінді.
Шілде айының соңында Львова-Белова Ресей Украинадан 700 мыңнан астам баланы алып кеткенін хабарлады. Украинаның Ұлттық ақпараттық бюросының мәліметінше, елде кәмелетке толмағандарды депортациялау немесе мәжбүрлеп көшірудің 19,5 мың оқиғасы тіркелген.