Армения Таулы Қарабақтан қоныс аударатын отандастарын күтіп отыр

Сурет: pexels
Арменияның Ішкі істер министрлігі Таулы Қарабақтан отандастарының келуіне қатысты барлық мәселе талқыланып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Таулы Қарабақтағы отандастарымыздың Арменияға кіру мүмкіндігіне қатысты ведомствоаралық талқылаулар жүріп жатыр. Бұл мәселемен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон және азаматтық қызметі айналысуда", – деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.

Армения парламентінің "Азаматтық келісім" фракциясының депутаты Карен Саруханян әлі эвакуация процесі басталмағанын, Таулы Қарабақ тұрғындарын Арменияға орналастырудың түрлі сценарийлері талқыланып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін 20 қыркүйекте аймақта соғыс қимылдарын толық тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгені хабарланған еді. Ресей бітімгерлері Қарабақтан үш мыңнан астам тұрғынды эвакуациялады.

Ресейлік БАҚ-дың жазуынша, 19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта аймақтағы армян әскерін қарусыздандыру мақсатында әскери операция бастағанын хабарлады. Осыдан кейін артиллерия жұмыс істей бастады: Ханкеди мен оның төңірегінде оқ атылды, әуе шабуылы дабылы қағылды.

Әзербайжанның шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтары Қарабақ аумағында "жұмыс істей бастады".

Сол күні кешке Әзербайжан әскері "Лачин дәлізінің" оңтүстігіндегі аумақты тазартуға кірісіп, бірнеше ауылды бақылауға алды. Артиллерия Степанакерт, Мартуни және оның маңындағы аудандарға тиіп, азаматтық инфрақұрылымға ла оқ жаудырылды. 20 қыркүйекте Таулы Қарабақ билігі Әзербайжанға капитуляцияға қол қойғаны белгілі болды.

Армения
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты