Қазақстан мен Сейшел аралдарының визасыз режим келісімі қашан күшіне енеді

Сурет: ҚР СІМ
25 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Сейшел аралдарымен визасыз режим туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 қыркүйекте Қазақстан мен Сейшел аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойған еді. СІМ ресми өкілі бұл келісім әлі күшіне енбегенін еске салды.

"Сейшел аралдарымен визасыз режим туралы келісімге қол қойылды. Енді келісім қазір ішкі мемлекеттік процедуралар аяқталғаннан кейін күшіне енеді. Сол елдің және біздің елдің азаматтары бір-біріне 30 күнге дейін визасыз бара алады. Рәсімдер басталды", - деді ол.

Сонымен қатар Айбек Смадияров Бангладешпен келісім туралы да толықтырып айтып берді.

"Ал Бангладешпен келісім дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне арналған. Бұл - Бангладеш елімен алғашқы қадамымыз. Келешекте басқа да паспорт түрлеріне визасыз режим енгізуге тырысамыз", - деп толықтырды ҚР СІМ-нің ресми өкілі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды