АҚШ-та бейнеойын саласының алпауыттары Activision және Epic Games қарсы наразылық шеруі өтіп жатыр

Сурет: pixabay
Америка Құрама Штаттарында сценаристтердің ереуілі аяқтала салысымен компьютерлік ойындарға дубляж жасайтын актерлер саладағы қазіргі жағдайға наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Deadline басылымының жазуынша, SAG-AFTRA одағының мүшелері 98,3% дауыспен компьютерлік ойындар саласында жұмыс істейтін актерлерді ең ірі он ойын әзірлеушіге қарсы наразылық білдіруге келісті, оның ішінде Activision, Electronic Arts және Epic Games т.б. бар.

"Ойын компаниялары ойын ойнауды тоқтатып, келісімге келуге кірісетін уақыт келді", - делінген кәсіподақ мәлімдемесінде.

Ойын индустриясында жұмыс істейтін актерлер бұл саладағы ірі ойын компаниялары өз басшыларына жыл сайын миллиондаған доллар төлейтінін, бірақ олар ойын құрастыруға қатысқан актерлерге мансап құруға көмектесетіндей еш жағдай жасап жатпағанын алға тартты. Тірі актерлердің еңбегі бейне ойындарды жасауда (негізінен дауысты орындау үшін, бірақ көбінесе компьютер кейіпкерлерінің қимылдары мен мимикаларын жазу үшін) пайдаланылғанымен, мұндай келісім-шарттар өте сирек төленеді. Бес раундтық келіссөздерден кейін кәсіподақ өкілдері ойын алпауыттарынан негізгі мәселелерді шешуге уәде ала алмады. Олар актерлердің жалақысын индекстеу және бақыланбайтын жасанды интеллекттен бас тартуды талап етіп отыр.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты