Әзербайжан билігі Таулы Қарабақтың бұрынғы басшысын ұстады

Сурет: freepik
Әзербайжан билігі мойындалмаған территорияның бұрынғы басшысы Рубен Варданянды ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейде аста-төк байлыққа кеңелген, миллиардер кәсіпкер Рубен Варданян 2022 жылы Таулы Қарабаққа көшіп келіп, бірнеше ай бойы ондағы үкіметтің басшысы болды, тек осы жылдың басында отставкаға кетті.

Ол Армениямен арадағы шекараны кесіп өтпек болған кезде ұсталды.

Варданянның ұсталуы - Әзербайжанның армян сепаратистік билігінің мүшелерін жауапқа тартуы мүмкін екендігінің белгісі, деп жазады ABC News.


Сурет: Әзербайжанның мемлекеттік шекара қызметі

Бұған дейін Әзірбайжан өңірде толықтай бақылау орнатқаннан кейін Таулы Қарабақ тұрғындарының шамамен 23%-ы Арменияға қашқаны хабарланған болатын.

Армения
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды