Ыстамбұлда толассыз жауған жаңбыр салдарынан жүздеген көлік су астында қалды

Сурет: pixabay
Түркияның астанасы Ыстамбұлда толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеп соқты. Қаланың еуропалық бөлігінде көптеген дүкендер мен көліктер су астында қалды, зардап шеккен адам қарасы да көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Iran Press басылымының жазуынша, Ыстамбұлда кенет қатты нөсер жауған. Күн райының қолайсыздығынан әсіресе қаланың еуропалық бөлігі мен Бююкчекмедже, Башакшехир, Арнавуткей, Кючюкчекмедже, Газиосманпаша аудандары қатты зардап шекті.

Қаланың бұл бөлігіндегі көптеген жолдар мен дүкендер су астында қалды. Көлік қатынасы тоқтады. Солтүстіктегі екі облыста БАҚ-тың хабарлауынша, бірнеше қаза тапқандар бар (нақты саны әлі жарияланған жоқ). Сонымен қатар, әзірге 31 зардап шеккені мәлім болды. Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая күн райының қолайсыздығынан зардап шеккен аймақтарда төтенше жағдай жариялады.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды