ХАМАС ұйымы Қазақстанда террорист деп таныла ма

Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте "Қазақстан палестиналық ХАМАС ұйымын террорист деп тани ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, бұл мәселені тиісті орган, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шешуі керек.

"Бейбіт тұрғындар құрбан болған Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуіне байланысты біз тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдарды іздеуге шақырамыз және оларды одан әрі екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне әкелетін әрекеттерге бармауға шақырамыз".Айбек Смадияров

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазан күні таңертең шиеленісе бастады. ХАМАС Израиль аумағына мыңдаған зымыран атқылаған. Израиль бұған жауап ретінде "Темір қылыштар" операциясын бастады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің соғыс жағдайында екенін баса айтты.

Бүгінде Қазақстанның Израильдегі елшілігінің консулдық есебінде 77 адам бар (елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда). Қазақстаннан 5 студент Израиль университеттерінде білім алып жатыр, ал 30-ға жуық қазақстандық Израильдің түрлі медицина мекемелерінде – барлығы 112 адам тағылымдамадан өтіп жүр.

Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды