Көлбаевтің кегі: Қырғызстанда өзбекстандық кісі өлтірушілер ұсталды

Сурет: Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті
Үш өзбек азаматы Қамшыбек Көлбаевтың кегін алу үшін Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері қылмыс әлемінде аты әйгілі Көлбаевты арнайы операция барысында мерт қылған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған Өзбекстан азаматтарының да бірнеше адамды өлтіруге қатысы бар деген айыппен іздеуде жүргені белгілі болды, деп мәлімдеді 24.kg.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, ұсталғандар Ойбек Каримбердиев (1997 ж.т.), Азамат Рустамов (1996 ж.т.) пен Исломхон Абдулкаффаров (1994 ж.т.) қылмыс әлемінің өкілдерінен "бұйрық" алған.

"Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті "Альфа" барлау қызметімен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар аясында бұл қылмыскерлер 13 қазанда Бішкек қаласында ұсталып, Өзбекстанның құқық қорғау органдарына тапсырылды", – делінген хабарламада.

4 қазанда Бішкекте Қамшыбек Көлбаев атыс кезінде қаза тапты. Қауіпсіздік күштері оның арнайы операция кезінде қарулы қарсылық көрсеткенін хабарлады.

Осыдан кейін Қырғызстанда "тазарту" басталды. Көлбаевтың қылмыстық әрекетіне қатысы бар немесе оларға демеушілік жасаған ондаған адам ұсталды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды