Джо Байден: Газа секторындағы ауруханаға жасалған қарулы соққыға Израильдің қатысы жоқ

Сурет: wikimedia
АҚШ Президенті Джо Байден Израильге сапары кезінде Израиль армиясының (ЦАХАЛ) бірнеше жүздеген адамның өмірін қиған Газа секторындағы ауруханаға жасалған қарулы соққыға қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Associated Press хабарлағандай, Израильге сапары кезінде Джо Байден АҚШ Израиль билігіне түсінікпен қарауға уәде бере отырып, 17 қазанда ЦАХАЛ-дың Газа секторындағы ауруханаға қарулы соққы бермегеніне сенімді екенін жеткізді. 

Джо Байден Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қаратып айтқан сөзінде: "Біздің көргенімізден мұны сіздер емес, екінші тарап жасаған сияқты пайым туындайды", - деді.

АҚШ Президенті мұндай қорытынды жасауға не түрткі екенін нақтыламады. Кем дегенде 500 адамның өмірін қиған Газа секторындағы ауруханаға жасалған қарулы соққыға қатысты тараптар бір-бірін кінәлауда (Палестина дереккөздері кейіннен 800 құрбан болғанын хабарлады). ЦАХАЛ аурухана орналасқан аймаққа соққы бермегенін және медициналық мекемеге құлаған зымыранды Газа секторының аумағынан "Исламдық жиһад" қозғалысының содырлары атқанын айтады. Бұл ұстанымды Израильдің Қазақстандағы елшілігі де ресми түрде білдірді. Палестиналық содырлар да бұл оқиғаға қатысы жоқ екендіктерін айтуда.

Джо Байден Израильге ресми сапарынан кейін араб елдерінің басшыларымен кездесу үшін Иорданияға бармақшы болған, бірақ ауруханаға жасалған соққыдан соң саммит болмайтын болды. Бұл АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жағдайды қалыпқа келтіру әрекеттерін едәуір қиындатады. 

АҚШ
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды