Парламент "Қазақстан мен Кипр арасындағы ұстап беру туралы шартты" ратификациялады

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
ҚР парламенті сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңның мақсаты – Уағдаласушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күресте тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты рәсімдерде барынша және өзара құқықтық көмек көрсету. Заңның міндеті – 2022 жылғы 20 қазанда Никосияда жасалған Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) ратификациялау.

Шарт іздестіріліп жатқан адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін оларды екі мемлекет арасында экстрадициялау мәселелерін регламенттейді. Адамдарды ұстап беру, ұстап беруді кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру шарттары мен рәсімі айқындалған. Ұстап беруден бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздер белгіленген, ұстап беру туралы сұрау салу және қажет құжаттар көзделген.

Шартта ұстап беруден бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздер белгіленген. Атап айтқанда, егер:

"Уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруге жол берілмейді. Шартты орындауға байланысты шығысты реттейтін нормалар, келіспеушіліктерді реттеу тәртібі және Шартты орындауға байланысты басқа да нормалар көзделген. Шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық ынтымақтастығының тиімділігін арттырады және екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа Шартты ратификациялаған жағдайда оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді, сонымен қатар қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді", - делінген Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров қорытындысында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты