"Сіз оны тоқтата аласыз": Зеленский Путинге хат жолдады
Сурет: Telegram/news_kremlin, Instagram/zelenskyy_official
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хат мәтіні Украина президентінің ресми сайтында 2026 жылғы 4 маусым, бейсенбі күні жарияланған.
Хатында Украинаның 6-президенті Путинге тікелей келіссөздерді бастауды, атысты тоқтатуды және барлық тұтқындарды айырбастауды ұсынды.
Оның пікірінше, екі ел басшысы бейтарап алаңда – Швейцарияда, Түркияда немесе араб елдерінің бірінде кездесе алар еді. "Олардың көпшілігі мұндай кездесуді қабылдауға қабілетті әрі дайын", – деп жазды Зеленский.
"Біз өзімізден кейінгі украиндар мен ресейліктер ұрпағын қандай болашақ күтіп тұрғанын анықтауымыз керек... Сіз оны тоқтата аласыз". Владимир Зеленский
Бұған дейін Зеленскийдің Жоғарғы рада депутаттарын майданға жіберетінін айтып қорқытқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript