Зеленский Жоғарғы рада депутаттарын майданға жіберетінін айтып қорқытты
Сурет: Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасы
Парламенттегі дағдарысқа қатысты пікір білдірген Украина президенті оппозициялық фракциялар маңызды заң жобаларына жиі дауыс бермейтінін айтты. Атап айтқанда, ХВҚ-ның қаржылай қолдауына және Еуроодақтан бөлінетін 90 млрд еуроны алу мәселелеріне қатысты заңдар дұрыс қаралмаған.
ТАСС мәліметінше, Зеленский депутаттарға өз міндеттерін дұрыс атқармаса, оларды майданға жіберуі мүмкін екенін ескертті.
"Халық қалаулылары не Украина заңнамасына сай парламентте қызмет етуі керек, не мен мобилизацияға өзгерістер енгізу туралы заңды талқылауға дайынмын – сонда депутаттар майданға бара алады. Егер парламентте мемлекетке қызмет етпесең, онда майданда қызмет етесің. Бұл – менің ұстанымым", – деді Украина басшысы.
Айта кетейік, Жоғарғы рада IX шақырылымы 2019 жылдан бергі ең ауыр дағдарысты бастан өткеріп отыр.
Басым дауысқа ие "Слуга народа" партиясы қазір елдің қаржыландырылуына тікелей әсер ететін заң жобаларын да қабылдатуға қауқарсыз болып қалған.
Бұған дейін Пәкістан Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript