Дональд Трамп Иранмен жасалатын келісімге қатысты қатаң мәлімдеме жасады

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 14:16 Фото: flickr/Gage Skidmore
Дональд Трамп АҚШ тек "тиімді әрі дұрыс" келісімдер жасайтынын айтып, сәтсіз мәмілелерге жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл пікірін өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Сондай-ақ, сөзін Иранмен болашақ келісімге қатысты талқылаулармен байланыстырған.

"Егер мен Иранмен келісім жасасам, ол тек жақсы әрі дұрыс келісім болады. Бұл Обаманың келісімі сияқты болмайды, ол Иранға орасан көп ақша беріп, ядролық қару жасауға тікелей жол ашты. Біздің келісім – оның толық қарама-қарсысы. Бірақ оны әлі ешкім көрген жоқ және оның нақты мазмұны белгісіз. Әлі толық келісілген жоқ. Сондықтан не туралы айтып жатқанын білмейтін "сәтсіз адамдарға" құлақ аспаңыздар. Менен бұрынғылар бұл мәселені жылдар бұрын шешуі керек еді, бірақ шеше алмады. Мен жаман келісімдер жасамаймын!" – деді саясаткер.

Бұған дейін жазғанымыздай, Трамп Иранмен "келісімге келіп қалғанын", Ормұз бұғазы ашылатынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: