Пәкістан Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзды: құрбандар бар

Пәкістан Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзды: құрбандар бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 09:32 Сурет: freepik
Ауғанстан үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид Пәкістанның әскери-әуе күштері Кабулға соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, шабуыл салдарынан есірткіге тәуелді адамдарды оңалту орталығы зардап шеккен.

Саясаткердің айтуынша, Пәкістан "тағы да Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзып, Кабулдағы есірткіге тәуелділерді емдейтін оңалту орталығына соққы жасаған. Соның салдарынан ем қабылдап жатқан адамдар қаза тауып, жарақат алған".

Бұған дейін Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы алғашқы үндеуінде кек алатынын мәлімдегенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: