Асқар Ізбасов Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Подписание законов, назначения, Акорда, резиденция Президента РК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 09:32 Фото: Zakon.kz
Асқар Ізбасов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжатты бүгін, 2025 жылғы 15 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Басқа бұйрықпен Руслан Құныров бұл қызметтен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Бұған дейін мемлекет басшысы Бақытбек Сыдықовты Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: