Мексикада "Отис" дауылынан 27 адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Мексика билігі табиғи апат салдарынан 27 адам қаза тауып, төртеуі із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сонымен қатар "Отис" дауылы 300 мыңға жуық адамды электр қуатынсыз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, "Отис" дауылы Сафир-Симпсон шкаласы бойынша бесінші санатқа дейін күшейген. Дауылдағы желдің екпіні максималды жылдамдық 75 м/с-қа дейін жетті.

Бірнеше қаланың көшелері су астында қалды, бүлінген көп үйді жөндеуге тура келеді. Бірнеше негізгі жол жабық күйінде қалып отыр. Ал электр желілерінің зақымдануы салдарынан бірнеше аймақтан хабар алу мүмкін болмай тұр.

Мексиканың азаматтық қорғау қызметі Герреро штатында төтенше жағдай жариялады. Акапулько курортында қонақүйлер мен әуежайдың 80%-ы зақымданды, барлық байланыс түрі мен жол қозғалысы бұзылды.

Бұған дейін хабарланғандай, "Отис" дауылы 25 қазанға қараған түні Мексиканың Герреро штатының жағалауында болды. Ол кезде адам шығыны туралы ақпарат болмаған еді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі