Газада Израильдің соққысынан 56 мешіт қирады

Сурет: Zakon.kz
Газа секторы үкіметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салам Мааруф израильдік соққылардың салдарынан аймақтағы кемінде 56 мешіт қирап, тағы 136-сы зақымданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үш шіркеудің де зардап шеккенін айтты.

"56 мешіт қирап, тағы 136-сы зақымданды, үш шіркеу де зақымданды", - деп келтіреді оның сөзін Al Jazeera телеарнасы.

Мааруфтың айтуынша, Газа секторында қақтығыстар шиеленісе бастағаннан бері 222 мың тұрғын үй зақымданып, 40 мыңнан астамы толығымен қираған.

Палестиналық ХАМАС содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекендерді басып, адамдарды кепілге алды. Израиль қорғаныс күштері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы беріп, оны қоршауға алды. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан қақтығыстың кезекті шиеленісуі ең қанды оқиғаға айналды. Дәл қазір Газада апатты гуманитарлық жағдай бар. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаның бейбіт тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды. Қазақстаннан бөлінген 1 млн доллар аударылды. 

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды