Климаттың өзгеруі: Париждегі экологиялық форумға Қазақстан ғалымы қатысты

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Парижде UNESCO ұйымдастырған 13th UNESCO Youth Forum жастар форумы өтті. Форум 80-нен астам елдің жастарын жинады.

Форум климат пен экожүйелердің тұрақтылығына қамқорлық жасайтын экономиканың жаңа түріне тұрақты көшу шеңберінде адам құқықтарының маңыздылығын, мәдениет пен тарихи мұраның сақталуының ілгерілетуге бағытталған.

Аталған "Изменение климата и молодежь: время действий" форумының жұмысына (Climate Change and Youth: time for Action) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Зоология институтының энтомология зертханасының кіші ғылыми қызметкері, қазақстандық ғалым Гүлжанат Танабекова қатысты.

Форумға қатысушылар экологиялық аспектілерден басқа климаттың өзгеруінің әлеуметтік салдарын да талқылады. Оған қоса олар климат өзгерісі жас ұрпақтың болашағына орасан зор әсер ететінін және әлеуметтік аспектілерді ескеретін жаңа тәсіл қажет деген пікірін бірауыздан білдірді.

"Форумда әрқайсымызды толғандыратын– климаттың өзгеруі және олардың біздің болашағымызға әсері туралы мәселелер көтерілді. Біз – климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі инновациялар, қоғамдардың тұрақты дамуы үшін жастардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау, жасыл экономикаға әділ көшу үшін білім беруді және дағдыларды дамыту жөнінде маңызды тақырыптарды талқыладық", - деді Гүлжанат Танабекова.

Сонымен қатар қатысушылардың назарынан цифрлық және технологиялық шешімдердің этикасы, мәдениеттің табиғатпен байланысы және тағы басқа мәселелер тыс қалмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды