Үйлерді су басып, көпір мен жолдар бүлінуде: Арменияда да су тасқыны болып жатыр

Арменияның солтүстік-шығысында Дебед өзені кенерінен асып, тасыды. Елдегі ІІМ-нің алдын ала деректері бойынша, бір ауылдан 70 тұрғын эвакуацияланды және бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арменияның ішкі істер министрлігі (2023 жылы елде ТЖМ таратылды, оның қызметін ІІМ орындайды - ред.) Дебед өзенінің тасуына байланысты ақпаратпен бөлісті. 

News.am басылымының мәліметінше:

Дзорагет ауылының 70 тұрғыны қауіпсіз аумаққа көшірілді.

"Армения ІІМ құтқару қызметінің бөлімшелері төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылды. 7 жауынгерлік звено, Лория облыстық құтқару басқармасының өрт-құтқару жасағының 2 жедел тобы, 2 жауынгерлік звено және Тавуш облыстық құтқару басқармасының өрт-құтқару жасағының 1 жедел тобы көмекке тартылды", - деп атап өткен басылым.

Sputnik Армения елдің солтүстік-шығысында орналасқан Тавуш облысының су басқан көшелерінен түсірілген видеоларды жариялады. Бұл Агстев өзенінің тасуы салдарынан болғанын айтады. 



Қазақстанда бұрын-соңды болмаған су тасқынының беті қайтып келеді. Көшелер мен үйлерді су басу жергілікті ауқымда орын алуда. 2024 жылғы 25 мамырда Атырау облысының жедел штабында Атырау облысының Талдыкөл ауылында халықты мәжбүрлеп эвакуациялау басталғанын хабарлады. ТЖМ ауыл тұрғындары мен инфрақұрылымға қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Армения
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: