Круиздік кеме Испанияның Канар аралдарынан 68 мигрантты құтқарды

Сурет: freepik
19 маусымда круиздік кеме Испанияның Канар аралдарынн 68 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oceania Cruises компаниясына тиесілі Insignia кемесі барлығы 68 адамды құтқарып, үш мәйітті тапқан. Сондай-ақ, агенттік ауа-райының қолайсыздығына байланысты екі адамның сүйегін судан шығара алмағандығын да мәлімдеді.

Бейсенбіде Insignia экипажы құтқарылған мигранттардың бірі ауыр жағдайда екенін және оны эвакуациялау керек екенін хабарлады. Алайда, ол іздеу-құтқару тікұшағы жетпей тұрып көз жұмды.

Құтқарылғандардың арасында үш әйел мен үш кәмелетке толмаған бала және 62 ер адам болған. Олардың барлығы Сахараның оңтүстігіндегі Африкадан келген.

Испанияның ішкі істер министрлігінің мәліметтері теңіз арқылы, әсіресе Канар аралдарына келетін мигранттар санының күрт өскенін көрсетеді.

Испанияның ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 1 қаңтардан 15 маусымға дейін Испанияға теңіз арқылы 23 037 мигрант келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,6% - ға өсті. Оның 18 977-сі Канар аралдарына теңіз арқылы жеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 220,9% - ға өсті.

Осы айдың басында Испанияның Caminando Fronteras үкіметтік емес ұйымы осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Испанияға жету үшін кем дегенде 5000 мигрант, яғни күніне орта есеппен 33 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты