SHOT мәліметтері бойынша, наразылық білдірушілер баррикада құрып, көше ортасына өрт қойып, жандармдарға отшашулар лақтырған. Полиция көшелерді жауып, демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.
"Реннада тіркелмеген және тыйым салынған демонстрация кезінде 25 адам ұсталды", деп хабарлайды полициядағы дереккөзге сілтеме жасап, Le Figaro басылымы.
Мақала авторы Сент-Анн алаңында антифашистік ұрандар ұстаған бірнеше ондаған жастар болғанын айтады. "Известия" мәліметтері бойынша, Парижде демонстрациялар оңшылдар және солшылдар арасындағы қақтығыстарға ұласқан.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін Франциядағы парламенттік сайлауда "Жаңа халық майданы" солшылдар альянсы жеңіске жеткені хабарланған. "Жаңа халық майданы " Францияның Ұлттық ассамблеясында 182 орынға ие болды. Ал президент Эммануэль Макронның "Біргеміз" коалициясы екінші орынға тұрақтады, оның мүшелері Парламентте 168 орын алады. Үшінші нәтижеге Марин Ле Пеннің "Ұлттық бірлестік" коалициясы ие, олар 143 орынды қамтиды. Дауыс беру қорытындысы бойынша республикашылар партиясы 45 орынға ие болды. Қалған саяси қозғалыстар тағы 39 орынды өзара бөлісіп алды.
Айта кетсек, бірінші турда Ле Пен мен Барделланың "Ұлттық бірлестігі" 31,4% дауыс жинаса, ал Макронның "Жаңғыру" партиясы тек 14,6% дауыс ала алды.