Үндістанда "Чандипура" вирусы өршіп тұр: 50 адам ауырып, 16 адам қайтыс болды

Сурет: pixabay
Үндістанның Гуджарат штатында әлі толық зерттеліп бітпеген "Чандипура" вирусы жылдам таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газета.ru ақпаратынша, 16 адам жаңа инфекцияның құрбаны болды.

Чандипура вирусы масалардың, кенелердің шағуы арқылы таралады. Симптомдар - ісіну және диарея - вирустық энцефалитпен сәйкес келеді.

Чандипура аз зерттелгендіктен, әзірге оған қарсы нақты ем шара немесе вакцина жоқ.

Аурумен күресу үшін билікке вирус анықталған жерлерде малатион ұнтағын шашу тапсырылды. Сондай-ақ, дәрігерлерге қызуы көтерілген науқастарды дереу қарқынды емдеу ұсынылды.

10 шілдеде Павлодарда ротавирустық инфекция жұқтырғандар саны көбейіп жатқандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін