Павлодарда ротавирустық инфекция жұқтырғандар көбейді

Павлодарда ротавирустық инфекция жұқтырғандар көбейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2024 13:46 Сурет: primeminister.kz
Павлодарда ротавирустық инфекция жылдам таралып жатыр.

Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, ауруды жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 9 есе өскен. Былтыр 9 адам ауырыпты.

Ал биылғы жылдың алты айында ауырғандар саны 98-ге жетті.

Ротавирус – асқазан арқылы ішек жолдарына таралатын инфекциялық ауру.

Адамда бірден әлсіздік пайда болып, жүрегі айниды. Дене қызуы көтеріледі.

Асқазанда ас тұрмайды. Көбіне балалар ауырады, деп жазады qazaqstan.tv.

Кейінгі уақытта Павлодарда респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны артқан.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: