Хорватияда қарттар үйінде қаза тапқандар саны артты

Сурет: Zakon.kz
22 шілдеде Хорватияның Дарувар қаласындағы қарттар үйінде атыс салдарынан қаза тапқандар саны алтыға дейін артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы HRT ұлттық телеарнасы хабарлады.

"Алты адам қаза тапты. Белгісіз ер адам қарттар мен мүгедектер үйіне баса-көктеп кіріп, оқ жаудырды. Салдарынан оқиға орнында бес адам қазақ тапты, ал жараланған тағы бір адам ауруханада жан тапсырды. Тағы бірнеше жаралы адам бар", делінген хабарламада.

Қаза тапқандардың отбасыларына Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович, ел Президенті Зоран Миланович және республика ІІМ басшысы Давор Божинович көңіл айтты. Бейресми мәліметтерге сәйкес, оқ жаудырған адам әскери полицияның отставкадағы қызметкері, ал аталған мекемеде оның анасы болған. Бұған дейін Хорватияның Дарувар қаласында ер адам қарттар үйіне кіріп, атыс ашқаны туралы хабарланған болатын. Бес адам қаза тауып, көптеген адам жараланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?