Ресейде жасөспірім әкесін тирде атып өлтірді

Сурет: pixabay
Мәскеу облысы бойынша тергеу комитеті Мәскеу маңындағы Реутовта жасөспірім абайсызда әкесін атып тастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға қалалық тирде болды. Тергеу мәліметтері бойынша, әкесі мылтық галереясының рұқсат етілмеген қауіпті аймағына, ұлы құлаққап киіп, қолына қару ұстаған кезде кірген. Осы кезде жасөспірімнің атқан оғы абайсызда әкесіне тиген. Белгілі болғандай, ер адам алған жарақатының салдарынан сол жерде көз жұмды.

Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеді. Абайсызда өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тир — оқатар қару мен пневматикалық қарудан ату жаттығулары мен дайындықтарын жүргізуге арналган жабық немесе жартылай жабық орын.

Бұған дейін 19 тамызда Испанияда футбол алаңында 11 жасар баланы өлтіріп кеткені жайлы хабарланған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді