Испанияда футбол алаңында 11 жасар баланы өлтіріп кетті
Сурет: pixabay
Испанияның футбол ареналарының бірінде белгісіз ер адам 11 жасар баланы пышақтап өлтірді. Бала оқиға орнында қайтыс болды, ал қылмыскерді полиция іздеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Marca мәліметтері бойынша, жазатайым оқиға Толедо провинциясында орналасқан Мосехон қаласындағы спорт орталығының футбол алаңында болды. Басын бүркемелеген белгісіз адам алаңның шетінде тұрған балаға пышақ жарақатын салған.
Сурет: pixabay
Күдіктінің әрекетінен кейін, алаңдағы өзге адамдар жапа-тармағай қашқан. Жарақат алған бала, оқиға орнында көз жұмды.
Айта кетейік, 18 тамызда Қазақстанда спорт күні аталып өтілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript