Павлодар облысындағы демалыс орнында ер адамды пышақтап кетті
Сурет: unsplash
Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы демалыс орындарының бірінде ер адамды пышақтап өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер қайғылы оқиға 22 шілдеде болғанын атап өтті.
Сағат 20:00-де Баянауыл ауылындағы «Жасыбай» демалыс орнында алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішіп, жанжал туындаған кезде Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғыны 51 жастағы Павлодар тұрғынын пышақтап кеткен. Алған жарақатынан ер адам сол жерде қайтыс болды. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Осы факті бойынша полицейлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің106 бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Күдікті Баянауыл ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript