Кения әуежайында маймыл шешегінің таралуына байланысты бақылау күшейтілді

Сурет: wikipedia
Кения астанасының Джомо Кениата атындағы әуежайында елде маймыл шешегінің таралуына байланысты өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Capital FM радиостанциясының хабарлауынша, қазіргі уақытта Кенияда маймыл шешегінің төрт жағдайы тіркелген.

"Джомо Кениата атындағы халықаралық әуежай бекеттерінде сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты маймыл шешегінің таралуын болдырмау мақсатында қадағалау күшейтілді", делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, елге кіруге арналған барлық пункттері елге келген Кения тұрғындары мен қонақтарынан анықталуы мүмкін белгілерді тексеру үшін қажетті персоналдармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген.

2024 жылы 31 тамызда ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 2 қыркүйекте Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінің таралу қаупіне байланысты мәлімет жариялады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін