АҚШ мектебіндегі атыс. Күдіктілердің бірі ұсталды

Сурет: pixabay
Барроу округі шерифінің кеңсесі Джорджия штатындағы Аппалачи орта мектебінде оқ жаудырған күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN телеарнасының хабарлауынша, атыс кезінде бірнеше адам зардап шеккен.

"Алайда, қазіргі уақытта жараланғандардың саны немесе олардың жағдайы туралы нақты мәліметтер жоқ", делінген хабарламада.

Сондай-ақ журналистер жергілікті ауруханалардың біріндегі дереккөзге хабарласқандарын, қазіргі уақытта медициналық мекемелерге оқ жарақаты бар науқастар келіп түсіп жатқанын айтты.

Жаралы адамдар ауруханаларға тікұшақпен жеткізіліп жатқаны да айтылады.

4 қыркүйекте АҚШ-тың Джорджия штатындағы Аппалачи орта мектебіне қарулы бірнеше адам баса көктеп кірген, бұған дейін екі адам жарақат алғаны хабарланған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды