Жапондық Токиодағы барлық метро станцияларын жүріп өтіп, рекорд орнатты

Сурет: wikimedia/Maeda Akihiko
Сена Ногучи ерекше рекорд орнатты. Ол Токио метросының барлық, 285 станциясынан өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ногучи 285 станцияны 13 сағат 53 минутта жүріп өтті. Оның сапары 08:22-де басталып, 22:18-де аяқталды. Осы уақыт бойы ол пойыздардың есік жағында тұрып, өткен аялдамаларын суретке түсіріп тұрған. Бұл оған рекордтың дәлелі ретінде қажет болды. Оның орнатқан ерекше рекорды 13 қыркүйекте Гиннестің рекордтар кітабында жазылды.

Сурет: guinnessworldrecords

"Мен әдетте пойызбен жүргенде табиғатқа қарап отырғанды жақсы көремін, бірақ бұл жолы емес", – деп мойындады рекордшы.

Ногучидің бағына орай, бұл күні пойыздардың айтарлықтай кідірісі болмаған. Жігіт Жапония астанасын бірнеше көршілес префектуралармен байланыстыратын Токио метро жүйесінің "мінсіз өнімділігіне" таң қалды.

Сурет: guinnessworldrecords

Бұған дейін Роналдуның Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған болатынбыз. Ол өзінің YouTube арнасына 24 сағат ішінде 19 729 827 адам жинап рекорд орнатты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды