Үндістанда бірнеше ауданды су басты: жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталды

Сурет: flickr/Anil Gulati
Үндістанда Ганг өзенінің арнасынан асуына байланысы жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

RT India басылымының х әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, 26 қыркүйекте 10-нан астам адам қаза тапты, жүздегені эвакуацияланды. Мұнымен қоса, елдің шығысындағы Бихар штатында Ганг өзені арнасынан асты.

Қатарынан 10 күн жауған нөсер жауынның аяғы қарғын суға айналып, үйлерді су басып, жолдар шайылды. Сондай-ақ, шаруалардың жаз бойғы еңбегі зая кетті.

Штатта 300-ден астам қоғамдық ас үй бар. Олар зардап шеккендерге құрғақ рацион пакеттерін таратады.

Сурет: Х/the_hindu

Билік 600-ден астам мемлекеттік мектептерді жабуға және су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы университеттердегі емтихандарды кейінге қалдыруға бұйрық берді.

Бұған дейін Ұлыбританияда бірнеше қаланы су басқаны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды