Германияда қолында ұзын пышағы бар ер адам екі үйге от қойып, дүкендерді де талқандады

Сурет: Х/Barong369
2024 жылдың 28 қыркүйегінде Германияның Эссен қаласында болған бірқатар шабуылдар мен өртке қатысты күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bild мәліметтері бойынша, 41 жастағы Сирия азаматы жүк көлігімен екі дүкенді талқандап, содан кейін екі тұрғын үйді өртеп жіберген.

"Кем дегенде 31 адамның жарақат алғаны, оның ішінде сегіз бала бары белгілі. Олардың көпшілігі өрт кезінде күйік алған", деп жазады басылым.

Содан кейін ер адам ұзын пышақпен көшеде жүгіріп жүрген. Дүкендердің бірінің ауласында оны полицей ұстады. Бүгін, 29 қыркүйекте ол сот алдында жауап береді. Оның мұндай қылмысқа бару себептері белгісіз. 

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады