Атышулы P. Diddy 13 жасар қызға зәбір көрсетті деп айыпталуда

Супер: flickr
Американдық рэпер П.Диддидің өмір салты туралы құлаққа түрпідей тиетін ақпараттар бірінен кейін бірі ашылып жатыр. Біртіндеп құрбандар саны да артып келеді. Бұрынғысы аздай, енді оған 13 жасар қызға зорлық көрсетті деген айып тағылған. Толығырақ материалда.

Page Six мәліметінше, Диддиге қарсы 13 жасында одан зорлық көрдім деген әйел сотқа шағым түсірген. Оқғиға 2000 жылы MTV музыкалық сыйлығынан кейін болған.

Дәл сол кезде 13 жастағы жасөспірім қыз, қалай екені белгісіз, Комбспен бір ортада болған. Алайда, қыз ішкен сусынынан кейін өзін нашар сезініп, жатуға кеткен. Оның артынан Дидди жатын бөлмеге кіріп, оған зорлық көрсеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, Шон жалғыз болмады. Оның қасында тағы екі атақты адам болған — сотта олардың есімі жария етілмеді. Дегенмен, олардың ішінде әйел адам болғаны белгілі болды.

Жәбірленушінің адвокаты бұл оқиға оның өмірін түбегейлі өзгертті деп мәлімдеді. Ол депрессияға ұшырап, әлі күнге қалпына келе алмаған.

Бұған дейін P. Diddy-дің түрмеде аштық жариялағаны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді