Британдық дәрігер анасының жігітін жалған COVID екпесімен уландырғаны үшін 31 жылға бас бостандығынан айрылды

Фото: freepik
Британдық дәрігер анасының жігітінің мұраға ортақтасуын қаламағандықтан оны өлтірмек болып, оған COVID-19 вакцинасы деп, оның орнына улы екпені еккен. Бүгінде ол бұл әрекеті үшін 31 жылға түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News мәліметінше, дәрігер Томас Кван өзін мейіргер ретінде көрсетіп, жәбірленушінің үйіне барған. Ол оны уландыруды көздеген. Томастың ойынша, қарт адам оған анасының үйін мұраға алуға кедергі келтіреді.

72 жастағы О'Хара жасалған қастандықтан аман қалып,бірнеше апта бойы реанимация бөлімінде жатты және некротикалық фасцииттің таралуын болдырмау үшін қолының бір бөлігін алдырып тастауға мәжбүр болған. 

Полиция күдіктіні бақылау камералары арқылы тапқан.

Судьяның айтуынша, Кван йодометанды қолданған, ол қанда әрең анықталады.

53 жастағы Кван кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәсін мойындап, жазасын өтеуге түрмеге тоғытылды.

Бұған дейін Өзбекстанда таудан құлаған үлкен тас іші адамға толы көлікті басып қалғандығы хабарланған болатын. 

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды