Өзбекстанда таудан құлаған үлкен тас іші адамға толы көлікті басып қалды
Сурет: Китаб аудандық хокимияттың баспасөз қызметі
Өзбекстанда Қашқадария облысындағы тау асуында Cobalt көлігінің үстіне үлкен тас құлап, оның ішіндегі адамдар мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, көлік ішінде Мажарстаннан келген туристері болуы мүмкін, деп хабарлайды Podrobno.uz.
Китаб аудандық хокимияттың баспасөз қызметі қайғылы оқиға 6 қарашада сағат 16:00-де "Тахтакарача" асуында болғанын хабарлады. Көлік Китабтан шығып, Самарқандқа бет алған.
"Қаза тапқан азаматтардың жеке басы анықталуда. Әлеуметтік желіде жариялаған мәліметке сәйкес, олардың үшеуі Венгрия азаматы, жүргізуші Өзбекстаннан болуы мүмкін", делінген хабарламада.
Қазір тау асуында көлік қозғалысына уақытша тыйым салынған. Оқиға орнында құзырлы ұйымдар мамандарының арнайы тобы жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript