Павлодарда құлаған ағаш бірнеше көлікті басып қалды

Павлодарда құлаған ағаш бірнеше көлікті басып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 19:41 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда көпқабатты үйдің ауласында қураған ағаш құлап, тұрақта тұрған бірнеше көлікті басып қалды. Тұрғындардың айтуынша, олар апатты жағдайдағы ағаштарды кесу туралы билікке бірнеше рет өтініш жасаған, алайда өтініштері ескерусіз қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағаштың бір бөлігі сынып құлаған. Алайда бұл тұрақта тұрған бірнеше көлікті зақымдауға жеткілікті болған, деп жазды 5 қазанда irbistv.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Дегенмен көліктерге келтірілген шығынды кім өтейтіні әзірше белгісіз.

Тұрғындар бұған дейін түрлі мекемеге бірнеше рет хабарласып, ағаштарды кесуді сұраған. Алайда тиісті қызметтердің араласуы бірнеше бұтақты ғана кесумен шектелген.

Ал аулада әлі де басқа да апатты жағдайдағы ағаштар бар. Олардың кейбірі балалар алаңына жақын орналасқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: