Алматыда Lexus көлігінің үстіне ағаш құлады

Ағаш құлады, Алматы, Lexus , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 20:17 Сурет: Zakon.kz
Алматыда құлаған ағаш тұрақта тұрған Lexus маркалы көлікті зақымдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға күндіз Алмалы ауданында болған.

"Құлаған ағаштың салдарынан тұрақта тұрған Lexus маркалы автокөлігіне механикалық зақым келді. Абырой болғанда, сол сәтте көлік ішінде ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, аталған деректі тіркеді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша заң аясында тиісті шешім қабылданады", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін ұрланған көлікке ұрынған тараздық сот арқылы 6,5 млн теңгесін өндіріп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: