Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды
Фото: Zakon.kz
Алматыда үстіне ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина Абитова ауруханаға түскеннен кейін екі апта өткен соң қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 10 шілде күні №4 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Науқас 27 маусым күні №4 қалалық клиникалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Жағдайының ауырлығына байланысты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдады", – делінген хабарламада.
Аурухана мәліметінше, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті емдеу шараларын жүргізген. Реанимация бөлімінде науқастың жағдайын дәрігер-реаниматологтар мен орта буын медицина қызметкерлері тәулік бойы бақылауда ұстаған.
"Жүргізілген барлық емдік және диагностикалық шараларға қарамастан, науқастың жүрегі 14-күні тоқтады. Реанимациялық іс-шаралар жүргізілгенімен, оның биологиялық өлімі тіркелді", – деп хабарлады медициналық мекеме.
№4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері мен әкімшілігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript