Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда үстіне диван құлап, сал болып қалған ер адам көз жұмды

Диван, Ақтау, оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2023 10:17 Сурет: pxhere
Ақтауда үстіне диван құлаған ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы мамыр айында кінәлі сол күйі табылмағаны белгілі болды. Ер адамның бақилық болған туралы марқұмның ағасы хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Қаңтар айында 11 ықшам аудандағы №41 үйдің алтыншы қабатынан ер адамның үстіне диван құлап, ол сал болып қалған еді. 

Ағасы інісінің бақилық болғанын 26 тамызда білгенін айтады. Сондай-ақ ол жатып қалуына байланысты ауруы асқынған бауырын қарап, емдеуге Қазақстанда бір де бір медицина қызметкері келіспегенін, сондықтан Германия мен Ресейдің мамандарына көмекке жүгінуге тура келгенін айтты.

Сондай-ақ, ол бұл трагедияға жауапты адамды қасақана бүркемелеп отыр деген пікірде. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: