Алматы облысында құлаған ағаш екі көлікті басып қалды: зардап шеккендер бар

Упавшее дерево на машину, упавшее дерево на автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 16:33 Фото: Zakon.kz
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ағаш құлап, екі жеңіл көлікті басып қалды. Оқиға Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы автожолда болған.

Оқиға орнына жедел жеткен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құлаған ағашты кесіп, жолды тазарту жұмыстарын жүргізді.

Алдын ала мәлімет бойынша, салдарынан төрт адам зардап шекті. Оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алакөлде қозғалтқышы істен шыққан қайықтағы адамдар құтқарылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: