Нөсер жауын Алматы облысындағы апатты көпірді шайып кетті

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 16:55 Фото: unsplash
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Үлкен Алматы каналы (БАК) бойындағы автожолда орналасқан пайдаланылмайтын көпірді нөсер жауыннан кейінгі тасқын су шайып кетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Түрген өзені арқылы өтетін КВ-49 автомобиль жолының 54-шақырымындағы көпір 2024 жылы апатты деп танылған. Осыған байланысты оның үстімен көлік қозғалысына шектеу қойылған.

"2026 жылғы 1 шілдеде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Түрген өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, салдарынан апатты көпірдің маңындағы топырақ шайылып кетті", – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Әкімдік мәліметінше, апатты көпірдің орнына жаңасын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған және қажетті қаржы қарастырылған.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталады.

"Мердігер ұйым осы айда, яғни шілде айында, құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріседі", – деп мәлімдеді әкімдікте.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 шілдеде Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында нөсерден кейін тасқынға айналған өзен жергілікті тұрғындар өз күштерімен салған көпірді жартылай қиратып кеткен болатын. Сол күні Түрген өзені арқылы өтетін көпір де шайылып кету қаупіне байланысты жабылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: