Астанадағы нөсер жауын: әкімдік мәлімдемесі
Сурет: pixabay
Астана көшелерін 2 тамыз күні нөсер жауыннан кейінгі су басып қалды. Қала әкімдігі зардаптың жойылып жатқандығы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазнетте астаналықтар машиналардың суда "жүзіп жүрген" бейнероликтермен бөлісті. Бір кадрда қоғамдық көліктің ішіне судың кіргені бейнеленген.
Астана әкімдігі қатты нөсерден кейін көшелердегі іркілген суды соруға 200-ге жуық техника, соның ішінде АС машиналар мен мотопомпалар жұмылдырылып, жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Жауын-шашынның көп болуына байланысты бірқатар көшелерде су жиналды. Барлық коммуналдық қызметтер тиісті жерде және сорғы жұмыстарын жүргізеді. Көп мөлшерде су іркілген учаскелерде кезекші бригадалар жұмыс істейді. "Elorda eco system" ұйымы жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шараларды жүргізеді: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды тазарту, су айдау, нөсерлі кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу және т.б. Бұл шаралар бұрын 200-ден астам проблемалық учаскелерде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын",- делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстарын Астана-РЭК қызметтері, апаттық-қалпына келтіру бригадалары және т. б. жүргізуде.
"Астана-АЭК" АҚ-ның барлық жедел-көшпелі бригадалары мен техникалары қазірдің өзінде электр энергиясының авариялық ажырату орындарында электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге кірісті. Техниктер мен қызметкерлер тұрақты электрмен жабдықтауды мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін жедел әрекет етуге дайын". Астана қаласы әкімдігі
Сондай-ақ, қазіргі уақытта 6 электр желісі бойынша апаттық үзілістер орын алғандығы айтылды.
Бұған дейін елордадағы дауылдан үйлердің қаптамасы бұзылып, "Хан-Шатырға" найзағай түскені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript