Астанада нөсер жауын жауып, көшелерді тағы су басты

Нөсер жауын, Астана, көшелерді су басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 21:26 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желі қолданушылары 17 шілдеде нөсер жаңбыр салдарынан су басқан Астана көшелерінің видеосымен жаппай бөлісе бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегілер жазып жатқандай, Тұран, Ұлы дала көшелерін, сондай-ақ Жағалау ауданындағы жол учаскелерін су басқан. 

Видеодан автокөліктердің суда "жүзіп" жүргенін көруге болады. Ал кейбір астаналықтар шалбарын тізесіне дейін түріп тастап, жолды кесіп өтіп барады. 


Айта кетсек, 10 күн бұрын астанадағы көшелерді су басқан болатын. Ол кезде қала әкімі жаңбыр суына арналған кәріз жүйелері мен тазарту құрылымдарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: